Жаңа туған нәресте санавиация тікұшағымен Павлодарға шұғыл жеткізілді
12.09.2025 02:16
Фото:
Видеодан кадр
«Қазавиақұтқару» тікұшағы Екібастұз – Павлодар бағыты бойынша санитарлық рейсті орындады. ТЖМ мәліметінше, жаңа туған нәрестеге шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек қажет болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұшу медицина қызметкерлерінің бақылауымен өтті. Кішкентай пациенттің жағдайы Павлодар қаласының дәрігерлеріне берілгенге дейін бақыланды.
Операцияны тәжірибелі экипаж құрамында: әуе кемесінің командирі Дулат Ахметов, екінші ұшқыш Азамат Қабден, борт механигі Мұхтар Жаумбаев, инженерлер Александр Әлмұхамедов және Темірлан Сибағатов орындады.
Мамандардың үйлесімді жұмысы мен жоғары дайындық деңгейінің арқасында санитарлық рейс қауіпсіз және уақытылы орындалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

