Жаңалықтар

Жаңа төраға келгелі «Бәйтерек» холдингінің жиналыстары тек қазақ тілінде өтетін болған

Жаңа төраға келгелі «Бәйтерек» холдингінің жиналыстары тек қазақ тілінде өтетін болған
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы 28.05.2024 11:55 2420

Үкімет кулуарында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің жаңа басшысы Рустам Қарағойшин журналистердің сұрағына тек қазақ тілінде жауап беріп, Бәйтерек мекемесінің басқарма отырыстары тек қазақ тілінде өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист: «Сіз келмей тұрып, бұған дейін мекеме мамандарының басым көпшілігі орыс тілді мамандар болатын. Басшылыққа өзіңіз келгелі бері барлық жұмыстар қазақ тілінде жүргізіліп жатыр. Бұл сіздің жұмысыңызға кедергі келтірмей ме?» деді. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері мекеменің қазақ тіліне көшу практикасы қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.

Тіл жағынан ешқандай қысым көріп отырған жоқпын. Бұл басшылыққа келмей тұрып мен ауыл шаруашылық саласында жұмыс істедім. Ауыл адамдарымен кездесіп, осыған дейін тілдесіп келдік. Қазақ болғаннан кейін өзіміздің тілімізді дамыту керек. Сондықтан қазіргі таңда біздің «Бәйтерек» мекемесінің басқарма отырыстары қазақша өтеді. Сондықтан да әріқарай да қазақ тілін дамытуға тырысамыз. Ал енді біреулерге «тек қазақша сөйле» деп қысым көрсету жоқ. Бірінші өзіміз үлгі болып, артымыздан үлес қоссын деген мақсатта қазақ тілінде сөйлейміз, – деді Рустам Қарағойшин.

Сонымен қатар ол мекемедегі қазақ тілін үйренемін деген қызметкерлерге барлық жағдай жасалғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға