Жаңалықтар

Жаңа салық кодексі Мәжілісте қашан қаралмақ

Жаңа салық кодексі Мәжілісте қашан қаралмақ
Фото: El.kz 17.05.2024 20:49 658

Қаржы министрі Мәди Тәкиев БАҚ өкілдерімен кездесуде жаңа салық кодексі жобасында сән-салтанат салығы туралы норма барын тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда жаңа салық кодексі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жұмыстар тікелей Ұлттық экономика министрлігінің төрағалығымен жүргізілуде. Әкімшілік реттеу саласындағы жұмыспен айналысып отырмыз. Қыркүйек айында кодекс жобасын Мәжілістің қарауына енгізгелі отырмыз. Сән-салтанат нормасы құжатта бар. Салық кодексінің жобасын тамыз айында таныстырамыз.  Қазіргі Салық кодексі екі бөліктен тұрады, – деді Мәди Тәкиев.   

Бұдан өзге министрден журналистер: «Жаңа салық кодексін әзірлеуге шетелден сарапшылар тартыла ма?» деп сұрады.

Аталған сауал бойынша министр «кодексті өз күшімізбен жазып жатырмыз» деп тілге тиек етті. Сондай-ақ жаңа салық кодексі жобасына қаржы бөлінбегенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға