Жаңалықтар

Жаңа пилоттық жоба: Ауыл тұрғындарына 800 қаз балапаны тегін таратылды

Жаңа пилоттық жоба: Ауыл тұрғындарына 800 қаз балапаны тегін таратылды
Фото: Коллаж El.kz 28.06.2024 12:31 6614

Күні кеше Ақмола облысы Ақкөл ауданының Амангелді ауылында «Қаз хабы» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

El.kz тілшісі «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен Ақкөл, Амангелді ауылдарына барып аталған жұмыстармен танысып қайтты.

Ауыл тұрғындарына 15 күндік 800 қаз балапаны мен 625 келі құрама жем таратылды. Аталған жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарын суда жүзетін құстарды өсіру технологиясына үйрету, ауыл жұртының табыстарын арттыру және болашақта кооперация құру.

Жаңа пилоттық жоба: Ауыл тұрғындарына 800 қаз балапаны тегін таратылды

Амангүл Тілейқызы

Жоба аясында әр отбасы 160 қаз пен 125 кг құрама жем алып, 5 айдан соң қараша-желтоқсан айларында Астана қаласының инвестор-тұрғындарына таза салмағы 4,4 кг кем емес әрбір төртінші қазды қайтарады. Осылайша жобаға қатысушы инвесторларға 160 өскелең қаз балапанынан жалпы салмағы 176 кг таза етті құрайтын 40 қазды ғана қайтарады. Қалған 120 қаз жобаға қатысушысында қалады.

Яғни, оның қаз күтімін жақсы қамтамасыз еткен жағдайда, 5 ай ішінде шамамен 1 млн теңге табыс табу мүмкіндігіне ие.

Ақкөл ауылының тұрғыны Ләззат Әбдіқалықова құс шаруашылығымен айналысады. Ол «Ауыл» партиясынан 450 бройлер және қаз балапанын алды.

Жаңа пилоттық жоба: Ауыл тұрғындарына 800 қаз балапаны тегін таратылды

Амангүл Тілейқызы

Бройлерді екі ай ішінде жем-суын беріп, семіртіп, өсірген соң 60 пайызын тапсырамын. Ал қалған 40 пайызы өзіме қалады. Сонда екі айдың ішінде 500 мың теңге пайда табамын. Ауылда осындай кәсіппен айналыспасаң басқа жұмыс көзі жоқ. бар болғанның өзінде ауыл тұрғындарының жалақысы 70 мың теңге шамасында. Партия бізге құс пен бірге жемін де тегін беріп отыр. Біздің мақсатамыз – оны өсіру. Бройлер балапанын алғаныма 40 күн болды. Ол 45 күннің ішінде өседі.  Келесі аптада оны соямыз, – дейді кәсіпкер Ләззат.

Ауыл тұрғынының құс шаруашылығымен айналысып жүргеніне 8 жыл болыпты. Біз ауылға кіргенде, партияның 160 қаз балапанын Ләззатқа беріп жатқанын жерінен келіп қалдық.

Жаңа пилоттық жоба: Ауыл тұрғындарына 800 қаз балапаны тегін таратылды

Амангүл Тілейқызы

Міне, 160 қаз балапанын алып жатырмын. Оны 5 айдың ішінде өсіреміз де, 40 пайызын өздеріне тапсырамыз, ал 120 қаз өзімізге қалады. Ол біздің табысымыз болады, – деді Ләззат Әбдіқалықова.

Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Саят Кенжетай Амангелді ауылына «Ауыл» партиясы келіп, ондағы бес отбасыға 800 қаз балапанын әкелгенін айтты.

Жаңа пилоттық жоба: Ауыл тұрғындарына 800 қаз балапаны тегін таратылды

Амангүл Тілейқызы

Онымен қоса жем-шөбін де беріп жатыр. Былтыр да тауық балапандарын үлестіріп берген болатын. Су тасқыннан зардап шеккен отбасыларға оны көмек ретінде ұсынған болатынбыз. Тек қана балапандары ғана емес, жем-шөбін қоса алып келді. Кәсіпкерлердің жасайын деп жатқан жұмысына сәттілік тілейміз, – деді ол.

Орталық аппараттың бөлім меңгерушісі Қуаныш Үсеновтың айтуынша, ауылға жаңа жоба керек болып, осы ауылдардың құс өсіруге әлеуеті барына көз жеткізген.

Жаңа пилоттық жоба: Ауыл тұрғындарына 800 қаз балапаны тегін таратылды

Амангүл Тілейқызы

Ауыл тұрғындарымен кездесу өткіздік, көп адамдар осы жобаны қолдады. Биыл мұны пилоттық жоба ретінде бастап кеттік. Өздеріңіз көргендей, бүгін 800 қаз балапандарын тараттық. Оны Амангелді ауылының бес тұрғынына береміз. Әр аула 160 қаз алатын болады. Оның 40 қазын бізге ет ретінде қайтарып береді. Еті базарларға сатылатын болады. Бұл – қала мен ауыл тұрғындарын байланыстыратын жоба, – дейді Қуаныш Үсенов.

Болашақта Ақкөл ауданында инкубациялық жұмыртқа өндіру, инкубаторий, мал азығы цехы, сою цехы, сойылған өнімді және мамық пен қауырсынды қайта өңдеу, етті консервілеу және тағы басқа үшін қаз фермаларын құру жобаларын қолға алу жоспарлануда.

Жаңа пилоттық жоба: Ауыл тұрғындарына 800 қаз балапаны тегін таратылды

Жаңа пилоттық жоба: Ауыл тұрғындарына 800 қаз балапаны тегін таратылды

Жаңа пилоттық жоба: Ауыл тұрғындарына 800 қаз балапаны тегін таратылды

Амангүл Тілейқызы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға