Жаңа оқу жылында оқушыларды жаңа бағдарламалар күтіп тұр
2025-2026 оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Енді «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект (ЖИ) элементтері интеграцияланды. Бұл бағытта ЖИ қолданудың этикалық стандарттары қабылданды. Оқушыларға арналған «Day of AI» онлайн-курстары, ал мұғалімдерге үш деңгейлі біліктілікті арттыру бағдарламалары дайындалған.
Сонымен қатар, қыркүйектен бастап барлық мектептерде буллингтің алдын алуға бағытталған Kiva және «ДосболLIKE» бағдарламалары іске қосылады. Бұдан бөлек, «Қазақстан балалары» атты кешенді бағдарлама әзірленуде.
2024 жылы балалардың құқықтарын қорғау саласында үш негізгі заң қабылданып, кәмелетке толмағандарды қорғау тетіктері күшейтілді.

