Жаңалықтар

Жаңа оқу жылында оқушылар қанша күн демалады

Жаңа оқу жылында оқушылар қанша күн демалады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 17.07.2024 17:43 939

Оқу ағарту министрлігі жаңа оқу жылының басталу мерзімі мен ұзақтығын, каникул кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу жылы, құжатқа сәйкес, әдеттегідей 2024 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2025 жылғы 25 мамырда аяқталады.

І тоқсанның ұзақтығы 8 оқу апта болады, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);

ІІ тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);

ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда);

ІV тоқсан – 8 оқу аптасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға