Жаңа оқу жылында 1,7 млн оқушы тегін тамақтанады
06.08.2024 10:13
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Биылғы жылы қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, жаңа оқу жылында 1 қыркүйектен бастап 7,9 мың білім ұйымында 3,9 млн бала білім алады. Сондай-ақ 1,7 млн оқушы тегін тамақтанатын болады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артқан.
Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіліп келеді. Биыл да 510 мың баланы мектепке дайындалуға қажетті көмекпен қамту көзделген. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен қажетті қаржы қарастырылып отыр, 25 тамызына дейін оқушыларды оқулықтармен толық қамтуды барлық өңірлер аяқтауы тиіс, – деді оқу-ағарту министрі.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

