Жаңалықтар

Жаңа министр электр желілерін жөндеу қашан жүргізілетінін айтты

Жаңа министр электр желілерін жөндеу қашан жүргізілетінін айтты
Фото: Pixabay.com 11.04.2023 10:42 1556

Жылыту маусымы басталғаннан бері жылу желілерінің температуралық кестелерін сақтамаудың 403 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты

Жылыту маусымының басынан бастап елімізде жылу желілерінде 403 ақау болған. Ең көп ақау шыққан Екібастұз қаласындағы жылу желілерінде тіркелді. Екібастұзда 94 рет температура кестесі орындалмаған. «Арселлор-Митал Теміртау» акционерлік қоғамының жылу орталығында температуралық кестені сақтамаудың 70 жағдайы орын алған. Жезқазған жылыту орталығында жылыту кезеңінде қолда бар 6 қазандықта орын алуы мүмкін 75 апаттың алды алынды, - деді министр.

Оның айтуынша, электр желілері бойынша жалпы ұзындығы 25 мың шақырым электр беру желілерін, сондай-ақ 564 жоғары вольтты қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланған.Электр желілерін жөндеу мамыр айында бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға