Жаңалықтар

Жаңа кәсіптер атласы: ToU-да 12 инновациялық білім беру бағдарламасы іске қосылады

Жаңа кәсіптер атласы: ToU-да 12 инновациялық білім беру бағдарламасы іске қосылады
Фото: gov.kz 06.03.2023 19:00 1021

Торайғыров университетінде талапкерлер тарапынан үлкен қызығушылық тудырған екі инновациялық білім беру бағдарламасы енгізілді. Жаңа кәсіптердің аймақтық атласы аясында өзгертілген мамандықтар бойынша қабылдау екі еседен астам өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

2019 жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіптік бағдар беру жүйесінің негізгі компоненттерінің бірі болуға тиіс «Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласын» әзірлеуді тапсырды. Білім беру бағдарламаларының портфолиосын жаңарту туралы шешім қабылдаған кезде дәл осы құжат ToU-ға сүйенді.

- Біз өңірлік экономиканың негізі энергетика, машина жасау, металлургия және мұнай-химия болып табылатынын ескердік, - дейді университет ректоры Еркін Садықов. - Сондықтан бірінші кезеңде инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін Павлодар облысында сұранысқа ие бағыттар: технологиялық процестерді автоматтандыру және машина жасау таңдалды.

Нәтижесінде «Машина жасау» білім беру бағдарламасы трансформациядан кейін «Машина жасау және кері инженерия» деп атала бастады және 3D модельдеу дизайнері, прототиптеу инженері, сандық басқарылатын станоктар операторы және бұзбайтын бақылау маманы мамандықтарын қамтыды. «Өнеркәсіптік робототехника және автоматтандыру» тағы бір инновациялық білім беру бағдарламасы «Автоматтандыру және басқару» бағдарламасы негізінде әзірленді. Ол процестерді автоматтандыру бойынша мамандарды және бақылау-өлшеу аспаптарының электромеханиктерін даярлауды көздейді.

- Біз ағымдағы оқу жылында екі білім беру бағдарламасын да енгіздік, - деп жалғастырады Еркін Садықов. - Талдау көрсеткендей, олар бойынша оқитын студенттерді қабылдау екі еседен астам өсті. Егер 2021 жылы «Автоматтандыру және басқару»бағдарламасы бойынша біздің ЖОО-ға 16 грант иегері түссе, 2022 жылы «Өнеркәсіптік робототехника және автоматтандыру» инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша 37 студент болды. Екінші инновациялық білім беру бағдарламасында - 2022 жылы 26 грант алынса, 2021 жылы 11ге аз болды.

Жаңа оқу жылында ToU-да тағы 12 инновациялық білім беру бағдарламасы іске қосылуға дайындалуда. Олар да «жаңа кәсіптер атласына» негізделеді. Бұл «Технологиялық жабдықтың болжамды диагностикасы», «Агроэкология», «Биология және кинезиология», «Энергоменеджмент» және т. б. мамандықтар

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға