Жаңа Адамдар танымал әйелдердің жолдауы бар 10 000 кәмпитті сыйға таратты
Жаңа Адамдар белсенділері Халықаралық әйелдер күніне қарай жетістікке жетіп қана қоймай, өз саласында үздік атанған танымал, әрі табысты қазақстандық әйелдердің жолдауы жазылған 10 000 кәмпит дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өз ісінің шебері атанған әйелдер «арманыңызға қорықпай талпынсаңыз,бұл өмірде бәрі мүмкін» деген үндеумен жеке жағдайларын үлгі қылды.
Олар кез келген қыз бала атақты ғалым да, табысты саясаткер де немесе бүкіл әлемге әйгілі боксшы бола алады деген сенім артты.
"Сіздердің қолдарыңызда тұрған – Қазақстанның әйгілі әйелдерінің «жолдаулы кәмпиттері». Әрбір кәмпитте – сіздерге деген жолдау бар, онда – жеңісінің күресі, бастысы бірегей тарихы жазылған. Бұл кәмпиттер тек сыйлық қана емес, өз армандарыңызды қалдырмай, қалай да болса жүзеге асыруға талпыныс жасауға үндеу. Өйткені сіздердің жұмыстағы, спорттағы, бизнестегі, отбасындағы, өмірдегі жеңістеріңізден Қазақстанымызды тек қана көркейеді", – дейді Жаңа Адамдар белсендісі Рашит Ризабек.
Мотивациялық жолдауларды жазғандар:
- Нэлли Бубэ - ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, суретші, график, иллюстратор.
- Аида Балаева - Қазақстан мемлекетінің қайраткері. 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі. Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты.
- Баян Мақсатқызы - қазақстандық продюсер, Shine Production компаниясының басшысы, тележүргізуші, актриса, әнші.
- Айсұлу Ерниязова - Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі.
- Дамель Мектебепбаева - Биотехнолог, Қозыбаев университетінің проректоры, NASA-ға түскен алғашқы қазақстандық.
- Назым Қызайбай - қазақстандық боксшы, жеті дүркін Қазақстан чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы.
- Динара Сәдуақасова - шахматтан 4 дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы, халықаралық гроссмейстер.
- Құрарбек Еңлік - қазақстандық шоу-бизнестің жұлдызы.