Жаңалықтар

Жаңа адамдар «Ер адам дағдарысы» көрмесін ұйымдастырды

Жаңа адамдар «Ер адам дағдарысы» көрмесін ұйымдастырды
Фото: Жаңа адамдар 07.06.2024 17:46 528

Балаларды қорғау күніне орай Жаңа адамдар «Ер адам дағдарысы» көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

2024 жылдың мамыр айында Қазақстанда алимент төлеушілердің қарызы 20 миллиард теңгеге жетті. Бұл 300 мыңнан астам бала заңды түрде алимент алмай, қажетті қаржылық қолдаудан айырылғанын білдіреді.

Елдегі ер адамдардың 43%-дан астамы балаларына төленетін алимент мөлшерін азайту үшін табыстарын төмен көрсетеді. 221 мың қазақстандық  балаларының алдындағы міндеттерін мүлде орындамайтыны - алаңдатарлық мәселе.

Қазақстандағы өзекті алимент төлемеу мәселесіне жауап ретінде Жаңа адамдардың «Настоящий мужчина» азаматтық науқаны белсенділері  Балаларды қорғау күніне арналған көрме ұйымдастырды. Ол жерде мәселенің ауқымын көрсететін нақты статистика ұсынылды.

Қазақстанда жүздеген мың әкелер «нағыз еркек»  болу дегеннің не екенін мүлдем ұмытты. Олар өздеріне ер тұлғалылық иллюзиясын жасап, айналасын алдайды  және маскулинды бейнесін мақтан тұтады. Солай бола тұра, өз балаларына әдейі жетімақы төлемейді. Бұл тек жалғызбасты аналар мен олардың балаларының мәселесі емес. Бұл әр қазақстандықтың мәселесі. Өйткені, балалар - ел болашағы. Олардың құқықтары мен мүдделерін бірге қорғайық, - дейді Ілияс Исаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға