Жәмилә Бақбергенова үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты
29.10.2024 21:31
Фото:
Туризм және спорт министрлігі
Жәмилә Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз 72 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында 31 жастағы моңғолиялық спортшы Болортунгалаг Зоригты ұтты. Есеп – 8:6.
Айта кетейік, күндізгі сессияда Жәмилә молдовалық сосын чех балуанынан басым түскен.
Жәмилә Бақбергенова 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградтағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.
Енді бозкілем шеберіміз ақтық сында Ами Ишимен (Жапония) күреседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

