Жаңалықтар

Жамбылдықтар «Бауырсақ-Рarty» өткізді

Жамбылдықтар «Бауырсақ-Рarty» өткізді
29.06.2018 07:41 2129

28 маусым күні Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен  «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Самал» емдеу-сауықтыру орталығында «Қазақтану» жобасы аясында «Бауырсақ-Рarty» шарасы өтті.

«Қазақтану» жобасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясындағы «Бауырсақ-Рarty» шарасы Қазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

         ҚР халқының қоғамдық санасына қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін сіңіруге араналған «Бауырсақ party» шарасына облыстық Ассамблея,  «Қоғамдық келісім» КММ, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, этномәдени бірлестіктер, «Жастар ортасындағы этносаралық қарым-қатынас мәдениеті» жазғы мектебінің жұмысына қатысушылар, тренерлер және БАҚ өкілдері, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

         Қазақы құндылықты дәріптеп, ұлтқа тән қадір-қасиетті ұрпақ бойына сіңдіру барысында өткен шара барысында қыздар жағы оңтүстік, солтүстік және батыс қазақстандықтар болып үш топқа бөлініп, бауырсақ пісірсе, ер жігіттер жағы тоқаштар пісіп дайын болғанша «Домбыра party» ұйымдастырып, қос шекті аспаптың көмейінен сан түрлі күй күмбірлетіп, айналаны ән мен жырға бөледі.  Дайын болған бауырсақтар әділқазылар алқасының алдына қойылып, нәтежиесінде бауырсақтардың дәмі, пішіні және сәндеу үлгілеріне қарай арнайы номинациялар берілді және сыйлықтар табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға