Жаңалықтар

Жамбылда жылына 30 млн жұмыртқа шығаратын инкубатор іске қосылды

Жамбылда жылына 30 млн жұмыртқа шығаратын инкубатор іске қосылды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі 05.10.2024 06:49 608

Құны 4 млрд теңге болатын кешенді «Алель Агро» АҚ салды. Инкубаторды іске қосу компанияның өңірдегі құс шаруашылығын дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болды. 2022 жылы «Алель Агро» құс фабрикасы, 2023 жылы қуаттылығы жылына 96 мың тонна құрама жем өндіретін зауыт ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 5 ірі құс шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді. «Әулие-ата Феникс», «Алель-Агро», «Қордай құс» және «БМ Агропродукт» ЖШС құс етін, ал «Аса-Даму» ЖШС жұмыртқа өндірумен айналысады.

Жыл басынан бері өңірде 12,8 мың тонна құс еті өндірілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% -ға артық. Жұмыртқа өндірісінің өсімі 3,0% -ды немесе 89,5 млн жұмыртқаны құрады. 475,9 тонна құс еті экспортталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға