ТЖМ

Жамбылда ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 20 адамды эвакуациялады

Жамбыл облысы ТЖД «112» пультіне Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға орнына жедел түрде жедел күштер мен құралдар жетіп, өрттің үшінші қабаттағы пәтердің балконынан басталып, көрші балконға таралғанын анықтады. Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау 20 минут ішінде сөндірілді.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында баспалдақ арқылы 20 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды.

Зардап шеккендер жоқ.