Жаңалықтар

Жамбылда мүгедектігі бар жетім қыздың пәтері өзіне қайтарылды

Жамбылда мүгедектігі бар жетім қыздың пәтері өзіне қайтарылды
Фото: guardian.ru 01.03.2023 12:37 1053

Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2013 жылы 29 жастағы балалар үйінің түлегі, екінші топтағы мүгедек Өтегенова депозитке 1 млн теңге жинап, жатақханадан тұруға мүлдем жарамсыз 1 бөлме сатып алған. Бөлмені сатқан адам қыздың мүгедектігін, өз әрекетіне жауап бере алмайтынын пайдаланған.

"Содан кейін Өтегенова басқа жерде тұрған. 2019 жылы ол жатақханадағы 1 бөлмесін сатқан. Алайда сол жылы оған жетім және тұрғын кезегінде тұрғар адам ретінде мемлекеттен «Бәйтерек» шағын ауданында салынған тұрғын үйден 1 пәтер берілген", - деп жазылған хабарламада.

Бірақ жетім қыз бұл үйді ала алмаған.

"Тұрғын үй комиссиясы Өтегенованың жатақханадағы 1 бөлмесі болуына байланысты іс қозғап, оған жаңа пәтер беру туралы шешімнің күшін жойған", - деп жазылған хабарламада.

Өтегенова ауруына байланысты құзыретті органдардан көмек сұрай алмаған. Тіпті, оның жақын туыстары мен қамқоршысы да болмаған.

Облыстық прокуратура қыздың ауыр жағдайда қалғанын өндірістегі істерді талдау барысында білген. Қызметкерлер шұғыл түрде іс жүргізуді тоқтатып, дереу қадағалау актілерін енгізді. Нәтижесінде Өтегенованың пәтер алуға конституциялық құқығы қалпына келтірілді.

Бірінші кезекте, Тараз қаласы сотының 2022 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен қыз ауруына байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылды. Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен оған қамқоршы тағайындалды.  

 Жатақханадағы бөлмені сатып алу-сату мәмілелерін жасау кезеңінде ол өзінің іс-әрекеттерінің маңызын және олардың салдарын түсіне алмағанын ескеріп, сотқа оларды жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.

"Тараз қаласы сотының 2022 жылғы 11 қарашадағы шешімімен талап толық қанағаттандырылды. Осылайша, соттың шешімі биыл 1 ақпанда тұрғын үй комиссиясының Өтегеноваға бұрын берілген қайта қайтару туралы оң шешім қабылдауына ықпал етті. Оны көшіру туралы шешім күшін жойды", - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға