Жамбылда бір күнде 124 борышкердің көлігі айыптұраққа қойылды
25.07.2025 08:40
Фото:
© El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Жамбыл облысында полицейлер төленбеген айыппұлы бар жүргізушілерді анықтауда. Өңірде "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараның мақсаты – әкімшілік айыппұлдарын төлемеген жүргізушілерге бақылауды күшейту болып табылады. Жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау үшін полиция қызметкерлері «Автоураган», «Сергек» және «Қорғау» мобильді кешендерін пайдалануда. Бұл жүйелер борышкерлерге тіркелген көліктерді нақты уақытта анықтауға мүмкіндік береді.
Полиция дерегінше, рейдтің алғашқы күнінде өндірілген айыппұл сомасы 20 миллион теңгеден асты. Сот орындаушыларының қаулылары бойынша 124 борышкердің көлігі айыптұраққа жеткізілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

