Жаңалықтар

Жамбылда алғаш рет әлемде сирек кездесетін ауруға шалдыққан сәбиге ота жасалды

6 айлық нәрестеде өкпе тамырларының қосылуының ішінара аномалиясы болған
Жамбылда алғаш рет әлемде сирек кездесетін ауруға шалдыққан сәбиге ота жасалды
Фото: ult.kz 09.03.2023 02:35 900

Жамбыл облысында алғаш рет өкпе тамырларының қосылуының ішінара аномалиясы бар 6 айлық нәрестеге күрделі ота жасалды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, қарыншалық септальды ақауы бар өкпе атрезиясы талдауымен туған сәби Тараз қаласында дәрігерлердің жіті бақылауымен дүниеге келген. Туа біткен жүрек ақауының ішіндегі өте сирек кездесетін түрімен дүниеге келген нәрестеге ота жасаған белоруссиялық кардиохирург мұндай ауру түрімен, көбіне, балалар ауыратындығын және ол дер кезінде анықталып, хирургиялық араласумен емделсе, жазылып кетуге мүмкіндіктің бар екендігін айтты.

Әлемде осындай ақаумен барлығы 54 жағдай тіркелген.

Жамбыл облысында мұндай хирургиялық ота алғаш рет жасалып отыр. Алдағы уақытта шет елдік дәрігерлердің тәжірибесін әулиеаталық кардиохирургтер өз жұмыстарында пайдаланбақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға