Жаңалықтар

Жамбылда 7 млн теңге жымқырған бухгалтерге қатысты үкім шықты

Жамбылда 7 млн теңге жымқырған бухгалтерге қатысты үкім шықты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 18.07.2023 00:13 682

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының прокуратурасы «Құлан-Энерго Жылу» ШЖҚ КМК бас бухгалтерінің 7 миллион теңге жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, аудан прокуратурасы «Құлан-Энерго Жылу» ШЖҚ КМК қызметіне бюджет қаражатын жұмсау мәселесіне талдау жүргізген.

Талдау барысында кәсіпорынның бас бухгалтері төлем тапсырмаларымен КМК-ның бюджет қаражатын өзінің карточкалық шоттарына аударғаны анықталды.

Бұл ретте, өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында төлем тапсырмаларының бағанына тауарлар, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтер үшін төлемдер ретінде төлемнің мақсатын көрсеткен.

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін тапсырылды.

Тергеу аяқталғаннан кейін, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Аудандық соттың 23.06.2023 жылғы үкімімен кәсіпорынның бас бухгалтері қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып, сондай-ақ коммерциялық және өзге де ұйымдарда 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді. Заңсыз аударылған ақша мемлекетке толық көлемде қайтарылды, - деп хабарлады Тұрар Рысқұлов ауданының прокуратурасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға