Baq.kz

Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

27.06.2022 15:20

Қордай ауданындағы сел шайған бірнеше ауылда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Табиғи апаттан келген шығын 135 миллион теңгеден асқан. 

Арнайы құрылған комиссия мәліметінше, 169 қой-ешкі, бірнеше жылқы, сиыр және 400-ге тауық жоғалған. Ауыз су жүйесі, электр желілері істен шыққан. Ауыл тұрғындарының барлық шығынын мемлекет өтейді.