Жамбыл облысында сел жүріп, үйлерді су басты
24.06.2022 03:48
Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жаңбырдың салдарынан сел жүрді, деп хабарлайды El.kz Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қатты селден ауылға баратын негізгі жолда көлік қозғалысы тоқтатылған. Ауыл арасындағы селдің видеолары әлеуметтік желіде тарап жатыр.
– 2 шаруашылық ғимарат зақымданды. 3 үйдің ішіне су кірді. Үйлердің біріне кіретін газ құбыры бүлінді. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Алдын ала мәлімет бойынша, мал арасында шығын бар: қойлар мен тауықтар өлген.
Жамбыл облыстық ТЖД мәліметінше, аудан әкімінің орынбасары мен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы қазір зардап шеккен ауылда.

Құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады