Жаңалықтар

Жамбыл облысының тұрғындары ұлтын ауыстыруға өтініш берген

Жамбыл облысының тұрғындары ұлтын ауыстыруға өтініш берген
Фото: gov.kz 08.04.2023 12:34 3830

Жыл басынан бері, небәрі үш ай ішінде Жамбыл облысының 13 азаматы өз ұлтын ауыстыру үшін өтініш берген. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев мәлім етті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы, облыста анықтама деректерін өзгерту үшін 528 адам өтініш білдірген.

Оның ішінде 501 азамат тегін ауыстырғысы келсе, 14-і туған күні мен жылын өзгертуді қалаған. 13-і тіпті, өзге ұлт өкілі атанғысы келген.

Сондай-ақ, Арман Тұрдалиевтің айтуынша, Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылданған – 542 адам, ҚР Президентінің Жарлығы бойынша қабылданған 54 адам құжаттандырылған.

Жалпы алғанда, облыс тұрғындарына 9657 паспорт және 23591 жеке куәлік беріліп, 4295 азаматтың жоғалған құжаттары қайта қалпына келтірілген.

Көрсетілген уақыт аралығында облыс бойынша жеке басын куәландыратын құжаттар ресімдеу үшін 33 мың 139 электрондық өтінім жіберілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға