Жаңалықтар

Жамбыл облысының педагогтары марапатқа ие болды

Жамбыл облысының педагогтары марапатқа ие болды
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 21.12.2023 23:48 842

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар үздік педагогтерді марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекет тарапынан білім саласына айрықша көңіл бөлініп отырғандығын, педагогтердің еңбек етуіне барлық қолайлы жағдай жасалып жатқандығын атап өтті.

Айта кетейік, биыл жамбылдық 62 педагог халықаралық, республикалық байқауларда жеңімпаз атанса, 8 мұғалім  ашық шығармашылық байқауларда математика, физика және информатика пәндерінен командалық есепте республика бойынша I орынды иеленді. Аймағымызда соңғы 12 жылда «Үздік педагог» атағын иеленген 47 педагогтің 18-і ауыл мектептерінде қызмет етуде. Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 14-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алса, республикалық олимпиадада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша І орынды иеленді.

Кездесуде облыс әкімі бұл жетістіктер әулиеаталық мұғалімдердің шығармашылық әлеуетінің жоғары екендігінің нақты дәлелі бола алатынын баса айтты.

Өңір басшысы білгенін үйретуден жалықпайтын, әрбір шәкірттің қарым-қабілетін анықтайтын мұғалімдер құрмет биігінде қаларына сенім білдірді.

Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі, жауапкершілігі мен адами қасиеттері өте маңызды. Бала білімді өз бетінше кітаптан оқып та үйрене алады. Ал, тәрбие, құрмет сияқты ізгі қасиеттер - ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы беріледі. Халқына қызмет еткен ұлы педагогтар Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатовтардың ізгі ісін жалғастырған талантты ұстаздарымыз баршылық. Мемлекет басшысы білім саласына ерекше назар аударуда. Педагогтердің алаңсыз шығармашылықпен айналысып, еңбек етуі үшін барлық жағдай жасалуда. Сондай-ақ, мұғалімдердің жалақысы жыл сайын арта түсуде. Бастысы6 педагогтер қауымы да аянбай еңбек етулері қажет деп санаймын, - деді Ербол Қарашөкеев.

Келесі кезекте облыс әкімі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қосқан елеулі үлесі үшін Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің директоры Ляззат Мырзабекованы марапаттады.

Сондай-ақ, республикалық «Үздік педагог» конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған өңіріміздің  6 мұғалім де марапатқа ие болды.

Бұдан бөлек, 5 педагог «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» құрметті атағы төсбелгісіне және 300 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (1 035 000 теңге) сыйақысына ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға