Жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі су қоймаларға қатысты мәлімдеме жасады

Жамбыл облысының әкімі су қоймаларға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: t.me/Erbol_Karashokeev 16.04.2024 02:21 646

Жамбыл облысының әкімі өңірдегі су қоймаларына қауіп келіп тұр деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жазды. Бұл туралы аймақ басшысы желі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Олардың толып кету қаупі жоқ.

Қорқынышқа бой алдырмай, тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймын. Облыстың барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейтінін, олардың толып кету қаупі жоқ екенін растаймын. Сондай-ақ қазіргі уақытта ТЖД-мен бірлесіп Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында жұмыс жүргізіп жатқанымызды хабарлаймын. Мұнда толассыз жауған жаңбыр мен көлбеу ағындардың пайда болуы салдарынан 30-дан астам ауланың аумағы су астында қалды,-делінген жазбада.

Бұдан өзге облыс әкімі оқиға орнында барлық жауапты мекемелер жұмыс істеп жатқанын, қажетті техника жұмылдырылып, су сорылып жатқанын атап өтті. Жағдай өзінің жеке бақылауына алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға