Жамбыл облысының ҚХА көшпелі отырысында этносаралық қарым-қатынасты нығайту мәселесі қарастырылды
Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Оның барысында бейбітшілік пен бірлікті, азаматтық сәйкестік пен этносаралық қарым-қатынасты сақтау мен нығайту мәселелері қарастырылды.
Аталмыш мәжілісте сонымен қатар жалпыұлттық бірлік саласындағы жұмыстардың атқарылуы, Қордай аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасының ҚХА кезекті ХХҮІ сессиясында берілген жергілікті бюджеттердің тиімді пайдалануын қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік секторда прогресстік технологияларды ілгерілету жөніндегі тапсырмаларының орындалу сұрақтары талқыланды.
Сондай-ақ, Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі мен облыстық Қоғамдық келісім кеңесі төарағасының қоғамдық қабылдауы болып өтті.