Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында Жамбыл облысының 80 жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өзге этнос өкілдері жастары арасында эссе жазудан «Жамбылым-жер жаннатым» атты байқау өтті.
Оған аймақтың жоғарғы оқу орындары мен колледждерінен 60-қа жуық студент қатысты.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиетін арттырып, еліміздің бәсекеге қабілетті жастар қатарына қосылуына ықпал ету, олардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділік пен шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқау қортындысы бойынша Тараз мемлкеттік педагогикалық университетінен Маргарита Газаева және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінен Ульфедина Дурсунова І орынды иеленді.
Байқау шеңберінде студенттер «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенін аралап, мұражай мен Достық үйіне саяхат жасады.