Жамбыл облысындағы ауылда Мәдениет үйі ашылды
08.07.2023 07:22
Фото:
Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметі
Астананың 25 жылдық мерейтойында Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылында 90 орындық жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нысанның ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласы қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Қарасу ауылында Мәдениет үйінің жоқтығы – ауыл тұрғындарының көптен бері көтеріп келе жатқан мәселелердің бірі болған. Жаңа мәдени нысан ауыл халқының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді, - деді аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай.
Мәдениет үйінде би, қолөнер сынды үйірмелері ашылған. Сондай-ақ мемлекеттік тілді үйрету бойынша курстар да өтеді. Мұнда 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

