Жаңалықтар

Жамбыл облысында жылу электр станциясы салынады

Бұл 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек
Жамбыл облысында жылу электр станциясы салынады
Фото: gov.kz 02.12.2022 17:27 1616

Кореялық Securo компаниясы Жамбыл облысында қуаттылығы 270 МВт болатын жылу электр станциясын салуды жоспарлап отыр, деп жазады El.kz ақпараттық агенттігі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұл 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Жоба құны 180 млрд. теңгені құрайды.

"Жылу электр орталығы – маңызды нысан. Жобаның жүзеге асуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, бюджетке түсетін салық түсімдері мен инвестицияның артуына септігін тигізіп, облыс экономикасына оң әсерін береді", – деді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов компания өкілдерімен кездесу барысында.

Бұдан бөлек тараптар 400 жаңа жұмыс орны құрылатын ферросилиций өндіру жобасын іске асыру жоспарын қарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға