Жаңалықтар

Жамбыл облысында жүк көлігінің нөмірін жасырған жүргізуші жауапқа тартылды

Жамбыл облысында жүк көлігінің нөмірін жасырған жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 15.11.2024 14:41 316

Жамбылда жүк көлігінің нөмірін жасырған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

12 қарашада сағат 19:00 шамасында Алматы қаласы бағытындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 350-шақырымында полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатты. Көрші мемлекеттің жүргізушісі сәйкестендіруге кедергі келтіретін не оларды өзгертуге немесе жасыруға мүмкіндік беретін құрылғылар мен материалдарды қолдана отырып, мемлекеттік нөмірін жасырған көлік құралын басқарған. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сотта ер адам өз кінәсін толығымен мойындады және болған жағдайға өкінетінін айтты. Меркі аудандық сотының шешімімен ол бір тәулік мерзімге қамауға алу және 1 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза алды. Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң және мүлтіксіз сақтауды ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға