Жамбыл облысында жиырмаға жуық спорт кешені салынып жатыр
22.04.2025 00:36
Фото:
Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысында жиырмаға жуық спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ақпEl.kz ақпарат агенттігі.
Өңір спортындағы толағай жетістіктер жөнінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов баяндады. Оның сөзінше, биыл спорт саласын дамытуға 17,7 млрд теңге (2024 ж. — 15,8 млрд теңге) бөлінген.
Бүгінде 17 спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 14-і бюджет есебінен, ал 3-і «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тарапынан салынуда.
Жоспар бойынша 2025 жылы 6 спорт нысаны қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр.
2024 жылы 13 спорт кешені мен 103 спорт алаңшасы ел игілігіне тапсырылды. Халықтың спортпен жүйелі түрде шұғылдануын арттыру мақсатында спорт нысандарының саны жыл сайын арта түсуде, – деді Ернар Ибраимов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

