Жамбыл облысында жеті жыл бойы алимент төлемеген ер адам жазаланды
Жамбыл облысында алимент төлемегені үшін борышкердің бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Байзақ ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды алимент төлеуден қасақана жалтарған «Н» азаматына қатысты ҚК-тің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Оқи отырыңыз:
- Алматы облысында оқушылардың 92% жазғы лагерьмен қамтылады
- Оқушы мектептен шығарылды: Әнуар Жанғозин нақты шешімді жариялады
Алимент төлеуге мүмкіндігі бар ол 7 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан. 2018 жылдан бері берешек сомасы 12,6 млн теңгені құрады, - делінген мәліметте.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 сәуірдегі үкімімен борышкер ҚР ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

