Жамбыл облысында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты
EL.KZ Информационно-познавательный портал
01.11.2022 14:02
Фото:
polisia.kz
Жамбыл облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«1 қараша күні сағат 08.55-те Меркен ауданы, Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы мен Audi автокөлігі соқтығысты. Апат салдарынан алты адам қаза тапты», - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

