Жаңалықтар

Жамбыл облысында жемқор әкімге сот үкімі шықты

Жамбыл облысында жемқор әкімге сот үкімі шықты
Фото: ©El.kz/Нұркен Алишев 26.08.2024 19:08 927

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарған адам жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты парақорлық жасағаны үшін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. Төлегенов, осы ауданның қаржы бөлімінің басшысы Т. Әділбаев және «Kaly» ЖК өкілі А. Шұбаевқа үкім шықты.

Төлегенов пара алғаны, ал Әділбаев мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс жөніндегі функцияларды лауазымдық міндеттерінен алып тастамағаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін оған 400 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Бұдан басқа, Әділбаев Мойынқұм ауылының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға жедел ақы төлегені үшін Шұбаевтан 600 мың теңге сомасында пара алған, - делінген мәліметте.

Сот үкімімен Төлегенов пен Шұбаев 12 млн теңгеге, Әділбаев 26 млн теңге айыппұлға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға