Жаңалықтар

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды
Фото: instagram.com/zhambyl_police 13.07.2024 16:09 1976

Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында бірнеше көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қажетті жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде.Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды, - делінген полиция хабарламасында.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға ауа райын бақылай отырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қырағы болу қажеттігін де ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға