Жамбыл облысында iрi көлемде есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шу ауданының бес тұрғыны марихуана мен гашишті дайындап, республиканың басқа өңірлеріне жіберіп отырған. Олар заңсыз кәсіпті мамыр айынан бастады. 14 қазаннда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық қатысушысы ұсталды.
"Тінту кезінде жалпы салмағы 100 келiден асатын есірткінің ірі партиясы, сондай-ақ "Ақсу" автоматы және 5,45 мм калибрлі 30-дан астам патрон тәркіленді", - дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу), 296-бабының 4-бөлігі (есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) және 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?Кеше, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады30 Наурыз, 13:17
Ван Дейкті сан соқтырған футболшы: «Шахтердің» жаңа бас бапкері жайлы не білеміз?