Жаңалықтар

Жамбыл облысында тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылады

Жамбыл облысында тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылады
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 09.04.2024 06:28 699

Жамбыл облысында тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Аймақ басшысы тамшылатып суару жүйелерін шығару алаңына барды. «KAZ Каспий ГИДРО ауыл шаруашылығы технологиясы» компаниясы жобаға 6 млн АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Мұнда барлығы 30 жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінде өндірістік жабдықтарды орнату жұмыстары басталған.

Облыс әкімі зауытты сәуір айының аяғына дейін іске қосуды тапсырды. Вегетациялық кезеңде ылғал тапшылығын азайтуда су үнемдеу технологияларының маңыздылығын баса айтқан облыс әкімі кәсіпорынға тиісті қолдаулар көрсету жалғасатынын жеткізді.

Бүгінде жергілікті және еліміздің өзге де өңірлерінің шаруаларынан тапсырыстар түсе бастаған. Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев «Ғимарат-Темірбетон» ЖШС-нің өндірістік қызметімен танысты. Зауыт жылына 75 мың текше метр темір-бетон бұйымдарын (100 түрлі) шығарады. Кәсіпорында 250 адам жұмыспен қамтылған.

Кәсіпорын өңірдің құрылыс индустриясын дамытуда, тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда маңызды рөлге ие.

Аймақ басшысы мемлекет тарапынан өндіріс саласына жан-жақты қолдаулар қарастырылғанын, сондай-ақ, облыс аумағында жергілікті өндірушілердің тауарларына деген сұранысты арттыру керектігіне баса назар аудартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға