Жаңалықтар

Жамбыл облысында шопан өзі тұтыну үшін 40 келі есірткі дайындаған

Жамбыл облысында шопан өзі тұтыну үшін 40 келі есірткі дайындаған
Фото: Polisia.kz 05.04.2024 14:29 919

Жамбыл облысында 40 келіден астам есірткіні қысқа дайындап қойған шопан ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысында жедел уәкілдер шаруа қожалығының аумағында 40 000 дозадан асатын марихуана тәркіледі. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Павлодар облысының 47 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам Меркі ауданында малшы болып жұмыс жасаған. Күдіктінің айтуынша, ол жабайы қарасораны тауып, оны жинап, кептіріп, өзі тұтыну үшін сақтаған.

Іздеу барысында күдіктінің күртешесінің қалтасынан марихуана орамасы табылды. Тәркіленген заттың көп бөлігі жақын маңдағы мал фермасында сақталған. Әрі қарай, шаруа қожалығының аумағындағы сарайдан 3 полиэтилен пакет жасырылған орын табылды.

Онда жабайы қарасораның сабақтары болған. Сонымен қатар есірткі шегуге арналған пластикалық бөтелке табылды. Күдікті марихуананы қыста өзі тұтыну үшін дайындағанын мойындады.

Полицейлер барлығы 40 келі 240 гр кептірілген марихуананы тәркіледі. Ұсталған адам ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта қамауға алынды, – дейді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға