Жаңалықтар

Жамбыл облысында қылмыстық топ субсидияға бөлінген 900 млн теңгені жымқырған

Жамбыл облысында қылмыстық топ субсидияға бөлінген 900 млн теңгені жымқырған
Фото: © El.kz/Арман Мухатов 21.09.2023 10:26 1060

Жамбыл облысында таңқурайдың элиталық сортын отырғызуды субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғандар анықталды, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмағаны, көшеттер мүлдем сатып алынбағандығы анықталды.

Төрт адамнан тұратын қылмыстық топ, екі жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген.

07.04.2023 жылы аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында барлық күдіктілер қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге құрайтын мүлкіне тыйым салынды, - делінген мәліметте.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жариялауға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға