Жамбыл облысының өндірушілері елдің тұрақтандыру қорларына 8,8 мың тонна пияз жеткізетін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Таразда өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша өңірлік ӘКК мен фермерлер арасында тиісті уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Өнімдер маусымаралық кезеңде ішкі нарықты толықтыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ осы кезеңде пияз бағасын тұрақтандырады.
Айта кетейік, жәрмеңкеге ерте пісетін сұрыптардан кеш шығатын сұрыптарға дейін пияздың кең ассортиментін ұсынған 60 ауыл шаруашылығы өндірушісі қатысты.
Биыл Жамбыл облысында 24,4 мың га пияз егілді, фермерлер 800 мың тонна көкөніс жинауды жоспарлап отыр, бұл республиканың жыл сайынғы қажеттілігінен 2,5 есе көп.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

