Жаңалықтар

Жамбыл облысында найзағай түскен 26 жылқы қырылып қалды

Жамбыл облысында найзағай түскен 26 жылқы қырылып қалды
Фото: Видеодан кадр 12.07.2023 09:31 1287

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы таулы аймақ Тереңөзек ауылының маңында найзағай түсіп, бір үйір жылқы қырылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Нұрболат Мырзақұлов 20 жылдан бері бақша егіп мал шаруашылығымен айналысады.  Шаруа осыдан 2 жыл бұрын 3,5 миллион теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиеге жылқы сатып алады. Бірақ оқыс оқиғадан 10 жылқысы өліп, қорасы қаңырап қалды. Шаруа мұндай жағдайдың аймақта алғаш рет болғанын айтады. 

Залогқа мына таудағы фазендадағы тамымды қойдым, ауылдағы кішігірім там бар еді соны қойып барып, жүрігіп жүріп тиген ақшаны алдым. Сөйттім да мал алдым. Малым кішкене кішкене не бола ма деп едім. Ойда жоқта міне қиратып тастады. 5 миллион шығынға ұшырадым өзім. Енді не қойып берем мен бірмеймін. Ауылда кішігірім там бар еді. Одан жырап қалсам мына бала-шағаммен қайда барамын, - дейді Тереңөзек ауылының тұрғыны Нұрболат Мырзақұлов.

Оқи отырыңыз:

Нұрболатпен қоса ауылдағы 7 үйдің 26 бас жылқысын найзағай сұлатып түсіріген. Өлген малдың құнын кімнен дауларын білмей басы қатқан тұрғындар аудан әкімдігінен көмек сұрап отыр. 

Бәріміздің қарап отырғанымыз бір мал басы одан басқа түгіміз жоқ енді шыны керек. Бруцеллез болса ауру шықса малға, оған аудан әкімшілігі төлеуші еді. Сондай көмек бола ма деген ниетпен. Сол өтемақы сол көмек бізге өте қажет болып тұр, - дейді тұрғын Жандархан Мамытбеков.

Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, ресми төтенше жағдай жарияланған жағдайда және мал арасында жаппай ауру тараған кезде, шығындар мемлекет тарапынан өтеледі. Ал қазіргідей сирек жағдай терең зерделеуді қажет етеді дейді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға