Жаңалықтар

Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорын салынуда

Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорын салынуда
Фото: gov.kz 18.10.2024 04:31 101

Жаңа жұмыс орындары, жоғары өнім, өңір үшін әлеуметтік жеңілдіктер, инвестициялық және экономикалық үлес және т.б. – Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша бірегей жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазірдің өзінде күкірт қышқылы зауытының дайындығы 32% құрайды: күкірт қышқылын сақтауға арналған төрт резервуар орнатылды, негізгі технологиялық эстакадалар мен күкіртті сақтау қоймасын монтаждау жалғасуда. Сонымен қатар, химиялық кешеннің жобалық және жұмыс құжаттамасы әзірленуде, негізгі технологиялық жабдыққа келісімшарт жасалды.

Жамбыл облысында «ЕвроХим» іске қосатын өндіріс – бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірісін екі есе ұлғайтуға және ондаған позиция бойынша өнімділікті арттыруға қабілетті заманауи жоғары технологиялық тыңайтқыштар.

Атап айтқанда, еліміздің егіс алқаптарының шамамен 80% - ы алып жатқан дәнді дақылдардың өнімділігі кемінде 10% - ға өсуі мүмкін, бұл республика ауқымында өте маңызды. Сонымен қатар, тыңайтқыштар Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Ресей және Қытай сияқты нарықтарға жеткізіледі.

Бүгінгі таңда Жаңатаста жылына 740 мың тонна фосфорит ұнын өндіретін тау-кен кешені жұмыс істейді. Ал қазір компания күкірт қышқылын өндіретін зауыттың құрылысын жүргізуде және минералды тыңайтқыштар мен индустриалды өнімдер өндіретін химиялық кешеннің жобасын жүзеге асыруда.

Барлық зауыттар бір өндірістік тізбекпен өзара байланысты болады және бірқатар стратегиялық маңызды өнімдерді шығарады. Кешеннің ерекшелігі – бұл шикізатты өндіру мен өңдеуден бастап минералды тыңайтқыштар өндірісіне дейінгі әлемдегі алғашқы толық циклді кәсіпорын болады. Компанияның бас директоры Игорь Георгиадидің айтуынша, кешеннің құрамында күкірт қышқылы кәсіпорынның ішкі қажеттіліктерін де, республика нарығының қажеттіліктерін де жабатын профицитпен өндірілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға