Жаңалықтар

Жамбыл облысында мәдениет саласы бойынша жеңімпаз атанған ауданға көлік беріледі

Жамбыл облысында мәдениет саласы бойынша жеңімпаз атанған ауданға көлік беріледі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 28.05.2023 11:13 718

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыс аудандарындағы мәдениет күндері басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

“Мәдениет - асыл қазынам” тақырыбындағы іс-шараны алғашқы болып Байзақ ауданында өткізді. Мәдениет күндерінің аясында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, кәсіпкерлер тауарларының сатылымы, қолөнер, қылқалам шеберлері туындыларының көрмесі, әртүрлі этнос өкілдерінің көрмесі, ұлттық спорттық ойындар байзақтықтардың назарына ұсынылып отыр.

Айта кетейік, биылғы жылы мәдениет күндері аясында сараптау комиссиясы әр ауданның мәдениет саласы бойынша жетістігін бағалап, соңында қорытындысын шығармақ. Негізгі мәдени іс-шараға баға беретін қазылар алқасы құрамында Облыстық халық шығармашылығы орталығы, кітапхана, музей өкілдері мен музыка, би мамандары қамтылған.

Нәтижесінде үздік деп танылған өнерпаздардың қатысуымен жыл соңында Тараз қаласында Гала-концерт ұйымдастырылып, бас жүлде иеленген ауданға автокөлік және жүлдегер аудандарға түрлі бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға