Жамбыл облысында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салынады
22.08.2024 23:19
Фото:
Өнеркәсіп министрлігі
«Мемсараптама» РМК Жаңатас қаласында күкірт қышқылын өндіру зауытының құрылысы" жобасы бойынша оң қорытынды берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жобаны Жамбыл облысының Сарысу ауданында Жаңатас қаласынан 18 шақырым жерде іске асыру жоспарлануда.
Жарияланған учаскенің жалпы ауданы 127 гектарды құрайды. Жобада Қазақстанда химиялық тыңайтқыштар өндірісінің қажеттіліктері үшін қажетті қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіру қарастырылған. Жоба аясында барлығы 19 ғимарат пен құрылыс қаралды.
Ауқымды жобаның инвесторы – минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі «ЕвроХим» компаниясы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

