Жамбыл облысында креаторлар форумы өтуде
27.05.2025 19:11
Фото:
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде креаторлар форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара аясында қолөнершілерге арналған сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сағаттары мен тақырыптық дәрістер ұйымдастырылды.
Шеберлік сағаттарын тәжірибелі мамандар өткізді. Олардың қатарында Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулет Дәркенбайұлы, киіз шебері, этнодизайнер Наталья Лемешко және қыш шебері, суретші Оксана Кокасенко бар. Олар көпшілікке өз авторлық әдістемелерін айтып, қолөнердің қыр-сырын бөлісті.
Форум үш күнге созылады. Іс-шара соңында Тараз қаласында «Қолөнершілер үйі» креативті хабының ашылу рәсімі өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

