Жаңалықтар

Жамбыл облысында Jiger жазғы әскери далалық лагері жұмысын бастады

Жамбыл облысында Jiger жазғы әскери далалық лагері жұмысын бастады
Фото: Қорғаныс министрлігі 28.06.2023 00:05 1420

Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығында 18-23 жас аралығындағы денсаулығы жағынан әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды жастардың жиыны басталды. Оған Алматы, Жетісу облыстарынан 30 адам шақырылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мұндай жиындар алғаш рет өткізіліп отыр. Іс-шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды. Жастарды қабылдауда бізге қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, әкімдіктердің жастар саясаты басқармасы және өңірлердің қоғамдық құрылымдары жәрдемдесті, – деді әскери-далалық лагердің бастығы гвардия подполковнигі Бақытжан Сералиев.

Іс-шара жастарды әскерлердің тыныс-тіршілігімен таныстыруға, әскери қызмет және әскери іс туралы білім алуға, патриоттық сананы қалыптастыруға бағытталған.

Жиын барысында тартылған контингент жауынгерлік техникамен және қару-жарақ түрлерімен танысады. Командирлердің басшылығымен оқу-жаттығу іс-шаралары барысында жастар әскери бөлімдер мен әскерлерді жауынгерлік тәртіпке келтіру реттілігін зерделейді. Әскери тактика негіздерін меңгереді. Сабақтар 10 шілдеге дейін жалғасады.

Алдағы 17 шілде мен 25 тамыз аралығында аталған өңірлердің 24 жастан жоғары азаматтары үшін жиындар өткізу жалғаспақ. Осылайша тағы 60 адам әскери мамандықты игеретін болады. Олар Талдықорған және Алматы әскери-техникалық мектептері филиалдарының базасында оқудан өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға