Жаңалықтар

Жамбыл облысында этномәдениет және дін саясатын нығайту жөнінде семинар өтті

Жамбыл облысында этномәдениет және дін саясатын нығайту жөнінде семинар өтті
04.04.2019 11:34 2321

Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында аудандық мемлекеттік қызметкерлер мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен  «Қазақстан Республикасының этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» тақырыбында көшпелі семинар ұйымдастырылды.

Семинар бағдарламасына сәйкес облыстық тілдерді дамыту басқармасына қарасты Тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлхан Әлімбекова, облыстағы Дін проблемаларын зерттеу орталығының ақпараттық түсіндіру және жоспарлау бөлімінің инспекторы Бақтияр Алпысбаев пен М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі  Парида Мамедова өңірдегі этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен діни ахуалды нығайту жөніндегі өз ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ,  М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Раушан Сейдрахманова әлемді шарпыған жаһандану үдерісінде көпшіліктің адами құндылықтарға мән бермейтіндігі туралы тәжірибелік сабақ жүргізді.

Сонымен қатар аталмыш университеттің доценті Рысты Керімбаева өскелең ұрпақтың ұлттық кодексін қалыптастыру бойынша жасаған ғылыми-педагогикалық жобасымен таныстырды. Автордың бұл жобасы  өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен үздік ғылыми жобалардың республикалық байқауында бірінші орынды иеленді.

Жиын соңында қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға