Жаңалықтар

Жамбыл облысында есірткі жинап жүрген үш адам ұсталды

Жамбыл облысында есірткі жинап жүрген үш адам ұсталды
Фото: polisia.kz 27.12.2022 17:47 1229

Жамбыл облысында есірткі жинап жүрген жерінен Алматы облысының үш тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, 20 желтоқсанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу – Меркі тасжолынан 25 шақырым қашықтықтағы құмды аймақтан марихуана есірткісін жинап жүрген Алматы облысының үш тұрғынын ұстаған.

Күдіктілерді тінту және олар мінген Volkswagen автокөлігін тексеру барысында 5 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, онда жалпы салмағы 3 келі 900 грамм кептірілген марихуана есірткі заты болған.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

– Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады. Жамбыл облысында 2022 жылдың 11 айында 594 есірткі құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның ішінде – 219 қылмыс, 375 теріс қылық дерегі. Сондай-ақ заңсыз айналымнан 2 тонна 752 келі есірткі заты тәркіленді»,-делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға