Жамбыл облысында ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмды
29.09.2022 13:50
Фото:
polisia.kz
Жамбыл облысында ер адам жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
13 қыркүйекте сағат 16:20 шамасында Сарысу ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудандық ауруханадан “Қазфосфат” өндіріс орнына тиесілі орталық байыту фабрикасы ғимараты шатырының тақтайшасы құлап кетіп, ғимарат ішінде жұмыс жасап жүрген үш қызметкердің түрлі дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті.
Салдарынан кәсіпорынның 58 жастағы жұмысшысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Сондай-ақ, еңбек инспекциясымен арнайы тексеру жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық және сот-құрылыс сараптамалары тағайындалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

