Адам өмірін құтқару мәселесінде ТЖМ құтқарушыларына ауа райы кедергі бола алмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, Жамбыл облысында осы аптада болған қатты боран кезінде Жуалы ауданының құтқарушылары өз міндеттерін одан әрі белсенді атқарды. Сол күндері құтқарушылардың көмегімен 35 адам, оның ішінде 5 бала және 1 жүкті әйел құтқарылды.
№7 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушілері Нұрахмет Оразбаев, Досмұханбет Нуралиев және ТЖБ аға анықтаушысы Бахтияр Мағыртай шынжыр табанды тягачпен боранға қарамастан авариялық-құтқару жұмыстарын сәтті жүргізді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

