Жаңалықтар

Жамбыл облысында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Жамбыл облысында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 03.01.2025 20:41 479

Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында Жаңа жыл қарсаңында бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорағаты ауылында 15 адамға арналған фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Жаңа нысанда дәрігерге дейінгі қарау кабинеті, егу және таңу бөлмелері, медицина қызметкерлеріне арналған кабинеттер бар. Бұл нысан Президенттің ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасының нәтижесі.

Жаңатұрмыс ауылында жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған спорт нысанының құрылысына 331 млн теңге жұмсалған. Салтанатты ашылу рәсімінде ауыл ақсақалдары жаңа ғимараттың лентасын қиып, жас спортшылардың өнерін тамашалады. Бүгінде ауданда 199 спорт нысаны халыққа қызмет көрсетуде, ал аудан халқының 41 пайызы спортпен белсенді түрде айналысады.

Құлан ауылында 4 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа беріліп, 10 отбасы қоныс тойын тойлады. Өткен жылы Т. Рысқұлов ауданында 100 отбасы, ал 2024 жылы 140 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді.

Бұл шаралар аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың жемісі, - дейді аудан тұрғындары. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға